Елордадағы айналма жол толығымен жабылады

30 Қыркүйек 2020, 14:07
1901
Бөлісу:
Елордадағы айналма жол толығымен жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 қыркүйектен 7 қазанға дейін Керей, Жәнібек хандар көшесінен оңтүстік-батыс айналма жолға дейінгі учаскеде автокөлік қозғалысын толық жабу жоспарлануда. Бұл жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз, – делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы