Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде велосипед ұрлаған 34 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицияға тұрғын үйдің кіреберісіне қалдырған құны 80 мың теңге тұратын «ДЗМА» маркалы велосипедінің жоғалғаны туралы иесі хабарлаған.
Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады, ол бұрын бірнеше рет сотты болған. Оған қатысты «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ер адам кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.
Сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған азаматтың елорда аумағында алты велосипед ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қырағы болуға, велосипедтерді қараусыз қалдырмауға, оларды ұрылардың жеміне айналдырмас үшін міндетті түрде ұрлыққа қарсы сапалы велосипед құлыптарын пайдалануды ұсынады.