Елордада ұзақ салынған құрылыстардың бірі пайдалануға берілді

27 Желтоқсан 2020, 07:20
1991
Бөлісу:
Елордада ұзақ салынған құрылыстардың бірі пайдалануға берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы құрылысы сегіз жылға созылған – «Жағалау-3» ТК, 30-блок пайдалануға берілді. Қазір тұрғындарға техникалық паспорттар үлестіріліп жатыр. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Жаңа жыл қарсаңында Нұр-Сұлтанның «сақалды» құрылыстарының біріне нүкте қойылды! Бұл құрылыс сегіз жылға созылған – «Жағалау-3» ТК, 30-блок. Үйдің өзі пайдалануға берілді. Қазір тұрғындарға көптен күткен пәтерлеріне тіркеуге тұруына, емханаларға, балаларын мектепке, балабақшаға және т.б. тіркеуіне мүмкіндік беретін техникалық паспорттары үлестіріліп жатыр, - деді елорда әкімі.

Қала әкімі жұмыстың басым бөлігі біткенін айтты.

Бұл тұрғын үй кешенінде алаяқтарға алданып қалған 600-ден астам отбасы бар. Үлескерлермен өткен алғашқы кездесуімізде ұзақ күткен пәтерлеріне қоныстана алатынына сенімсіздік танытқан еді. Алайда құрылысты аяқтау үшін жұмысымызды кезең-кезеңімен жүргіздік. Түйткілді мәселелер көп болды: бұл үйдің қасбеті, инженерлік желілер (сумен жабдықтау, жылыту, кәріз желісі, электр энергиясы), кіреберістердің ішкі әрлеуі, лифтілер, құжаттардың толық тізбесінің болмауы, абаттандыру және т.б. Қазір істің басым бөлігі шешілді, тек мамандар атқаратын кейбір техникалық жұмыстары ғана қалды, – деп жазды Алтай Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы