Елордада ұтыс ойынын ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

7 Ақпан 2021, 20:33
1353
Бөлісу:
Елордада ұтыс ойынын ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ұтыс ойынын ұйымдастырушылар көп адам жиналғаны үшін полицияға жеткізілді. Бұл туралы елордалық ПД баспасөз қызметі өкілдері хабарлады.

Полицейлер оқиға орнына барып, шара тоқтатылды, жағдай тұрақталды, жиналғандар тарады. Шараны ұйымдастырғандар Есіл аудандық ПБ-ға жеткізілді, - делінген хабарламада.
Еске салайық, бүгін, 7 ақпанда Нұр-Сұлтанда ұтыс ойынының кесірінен ұзын-сонар кептеліс болған хабарланған. Әлеуметтік желіде бір топ адамның гүл сататын дүкенде жиналып, ұтыс ойынына қатысып жатқаны туралы видео тараған.  

Алайда артынша ұйымдастырушылар ұтыс ойынын тоқтатып, адамдардың тарауын сұраған. 

Адам көп жиналғандықтан аппаратураларда техникалық ақау болды. Өкінішке қарай, ұтыс ойынын жалғастыра алмадық. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Ұтыс ойыны міндетті түрде болады. Шарттарын жақын арада түсіндіреміз, - деді ұйымдастырушылар. 
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жағдайға түсініктеме берді.
2021 жылы 7 ақпанда Есіл ауданы әкімдігі мен жергілікті полиция қызметі мамандарының мониторингтік тобы Нұр-Сұлтан қаласында екі мыңнан аса адам жаппай іс-шара өткізіп, Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қолданыстағы қаулысының бұзылу дерегін анықтады (гүл дүкенін ашылуына байланысты ұтыс ойнату), - деп хабарлады комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Өзгелердің жаңалығы