Елордада үш автобустың бағдары уақытша өзгереді

Астанада қала ішінде жүретін үш автобустың бағдары уақытша өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

20 Мамыр 2023 2023, 14:18
АВТОР
 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  20 Мамыр 2023 2023, 14:18
20 Мамыр 2023 2023, 14:18
1163

Астанада қала ішінде жүретін үш автобустың бағдары уақытша өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«City Transportation Systems» ЖШС таратқан мәліметке сәйкес, қоғамдық көліктердің бағдарын өзгертуіне жөндеу жұмыстары себеп болған.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 6, 26, 36 автобус бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Наверх