Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҰҚК баспасөз қызметі елордада ҰҚК полковнигі Азамат Ыбыраевтың мәйіті табылғанын мәлімдеді.
2022 жылғы 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында тұрғылықты жері бойынша үйдің ауласынан ҰҚК полковнигі Азамат Ыбыраевтың мәйіті табылды, - делінген хабарламада.
Аталған фактіні Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есіл аудандық Полиция бөлімі 2022 жылғы 10 қаңтардағы №227116031000018 сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, Таразда Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы, генерал Жанат Сүлейменов көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.
Оқи отырыңыз: