Елордада Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығы атап өтілді

15 Тамыз 2022, 17:46
1724
Бөлісу:
Елордада Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығы атап өтілді
PHOTO
Фото: Елшіліктен

Нұр-Сұлтанда Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығы атап өтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Үндістан тәуелсіздігіне 75 жыл толды. Сондай-ақ, осы жылы Үндістан-Қазақстан қарым-қатынастары үшін ерекше жыл, өйткені екіжақты дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы атап өтіледі. 

Елордада Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығы атап өтілді

Елордадағы Үндістан елшілігінің Свами Вивекананда (SVCC) мәдени орталығында Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығына арналған ту көтеру рәсімі өтті. 

Елордада Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығы атап өтілді

Үндістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Шубдаршини Трипати құттықтау сөз сөйлеп, елінің президентінің үндеуінен үзінді оқыды. Сонымен қатар, жиынға үнді мәдениетімен қызығатын бишілер, әншілер, йога мұғалімдері және елордада 14 тамызда өткен Ironman триатлонына қатысқан үндістандықтар жиналды. Айта кетейік, спорттық шараға Үндістаннан 270 азамат қатысқан.

Елордада Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығы атап өтілді
Елордада Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығы атап өтілді
Елордада Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығы атап өтілді

Үндістанның 75 жылдығы біз үшін өте маңызды. Біз оны 75 апта бойы атап өтіп жатырмыз. Бүгін де қазақстандық достарымызбен қарқынды атап өтіп жатырмыз, – деді елші Шубдаршини Трипати. 

Елордада Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығы атап өтілді

Бұдан бөлек елшілік ұйымдастырған викторинаның қазақстандық қатысушыларына медальдар табысталды.

Елордада Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығы атап өтілді
Елордада Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығы атап өтілді
Өзгелердің жаңалығы