Елордада Ұлттық ұлан жауынгерлері жоғалған баланы әжесіне қайтарды

19 Шілде 2021, 23:03
1468
Бөлісу:
Елордада Ұлттық ұлан жауынгерлері жоғалған баланы әжесіне қайтарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің сарбаздары жоғалған баланы тауып, ата-анасына тапсырды.

Күнделікті жауынгерлік қызметте жүрген әскери жасақ құрамына орта жастағы әйел адам жолығып, 5 жасар немересінен көз жазып қалғанын айтады. Әжесі саябақта қыдырып жүріп, немересінің қай жаққа кетіп қалғанын аңдамай қалған. Өзінің бір сағат бойы немересін іздеп, таппағанын қамығып жеткізеді.

Әскери жасақ бастығы ефрейтор А. Болат қарамағындағы қатардағы Д. Юсупов және Г. Терещенкомен бірге бірден баланы іздеуге кіріседі. Көп ұзамай олар әжесі айтқан сипаттамаға ұксайтын бүлдіршінді саябаққа қарсы беттен байқайды. Сөйтіп жоғалған баланы әжесіне қайтарады, - делінген хабарламада.

Немересімен қауышып, қуанышында шек болмаған әже жедел көмектескен ұландықтарға ризашылығын білдіріп, олардың Әскери антқа деген адалдығы үшін алғысын білдірді.
Өзгелердің жаңалығы