Елордада учаскелік инспекторлар «Аулада қабылдау» мобильдік акциясын ұйымдастырды

16 Қыркүйек 2022, 19:38
801
Бөлісу:
Елордада учаскелік инспекторлар «Аулада қабылдау» мобильдік акциясын ұйымдастырды
Фото: BAQ.KZ

«Полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын, сондай-ақ «полицияның сервистік моделін» іске асыру мақсатында полицейлер «Аулада қабылдау» акциясын қайта бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған іс-шара дәстүрлі түрде тұрғын үйлердің аулаларында өтеді, онда полиция қызметкерлері тұрғындарға әртүрлі мәселелер бойынша кеңес береді.

Бүгін «Алматы» ауданының учаскелік инспекторлары сағат 17.00-ден бастап Қалдаяқов көшесіндегі үйдің ауласында қабылдау өткізеді. 

Елорданың сол жағалауында акция сағат 17.30-дан бастап, Е-16 көшесі, 4 үй мекен-жайында басталады.

Құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығы елордалық полицияда бірінші кезекте тұр. Полиция мен тұрғындардың жемісті ынтымақтастығы арқылы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдарға уақтылы көмек көрсету және олардың тәртіп сақшыларына деген сенімі басым болып табылады.  Азаматтардың әрбір өтініші бақылауға алынып, тексеру жүргізіліп, уақтылы шаралар қабылданатын болады. 

 Акцияға аудандық жергілікті полиция қызметінің басшылары, ПИК және МИБ өкілдері қатысады. 

Өзгелердің жаңалығы