Елордада тұрғындар саны 4,5 есе өскен

8 Желтоқсан 2022, 18:08
848
Бөлісу:
Елордада тұрғындар саны 4,5 есе өскен

Елорда активімен өткен кездесуде Әлихан Смайылов қаланың белсенді түрде дамып келе жатқанын, тұрғындар санының 4,5 есе өскенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 

Құрылыс қарқыны да өсті: 2019 жылдан бастап 10 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.
 

«Осыған байланысты тұрғындарды сапалы ауыз сумен, электрмен, жылу қуатымен жабдықтау, әлеуметтік нысандарын жаңғырту мәселелерін шешу – жергілікті атқарушы биліктің алдына қойылатын басым міндеттер», - деді Премьер-Министр.  

Оның айтуынша, жаңа тазарту құрылыстарының кешенін, бірқатар шағын электр станцияларын, ЖЭО-3 және газбен жұмыс істейтін бірнеше ЖЭС-ті іске қосу, тұрғын үй алаптарын абаттандыру бойынша жұмысты жандандыру, сондай-ақ барлық проблемалық тұрғын үй объектілерінің құрылысын аяқтау қажет.

Әлихан Смайылов соңғы жылдары Астананың әлеуметтік инфрақұрылымына, атап айтқанда, ауруханалар мен мектептерге жүктеме артқанын атап өтті. Осыған байланысты мемлекет осы мәселелерді шешу бойынша шаралар қабылдап жатыр. Мысалы, «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасы аясында елордада алдағы жылдары 44,4 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 24 мектеп ашылады.

Өзгелердің жаңалығы