Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Нұр-Сұлтан қаласының «Сарыарқа» велотрегінде ерлер, әйелдер, жастар мен жасөспірім ұлдар және қыздар арасында тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасы чемпионаты бастау алды.
Чемпионатқа Қазақстанның 16 облысынан келген 170-тен астам велошабандоздар темптік, спринттік және спринттік омниум түрлері бойынша бақтарын сынайтын болады.
Аталмыш додада Нұр-Сұлтан қаласы атынан ұлттық құраманың үздік 36 спортшысы қатысып жатыр.
Жарыстың басталу уақыты күн сайын сағат 10:00-ден. Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты 30 шілдеге дейін жалғасады.