Елордада "Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс" акциясы жалғасуда

14 Наурыз 2020, 04:24
1758
Бөлісу:
Елордада "Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс" акциясы жалғасуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен кәсіпкерлер палатасының бірлескен меморандумы аясында "Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс" акциясы жалғасуда. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Шара елорданың төрт ауданында белсенді түрде жүріп жатыр. Акция аясында кәсіпкерлерге "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңнама талаптарын сақтауға қатысты жұмыстар іске асырылуда.

Сондай-ақ қала әкімдігі тарапынан мемлекеттік тілдегі сыртқы жарнаманың сауаттылығына басты назар аударылады. Қате жарнамалар мен маңдайшалардағы жазбаларға қатысты күнделікті Ikomek109 қызметі арқылы қабылданған қала тұрғындарының өтініштері қарастырылған. Соған сәйкес тиісті шаралар іске асырылуда.

Акцияға аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, тілдерді дамыту және архив ісі басқармалары тарапынан сарапшылар тобы, жергілікті учаскелік инспекторлар жұмылдырылған.



Өзгелердің жаңалығы