Елордада тағы бір аллея ашылады

13 Мамыр 2022, 07:31
1784
Бөлісу:
Елордада тағы бір аллея ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың қараусыз қалған аумағында аллея салынады. Ол жерде воркаут-аймақ пен футбол алаңы болады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Абаттандыруға жататын қоғамдық кеңістік Тілендиев-Ұлытау-Арқалық-Қайнар көшелерінің шеңберінде орналасқан. Сарыарқа ауданының тұрғындары талай рет өтініш айтқан. Осыдан кейін астаналық урбанистика орталығының сәулетшілерімен бірге жобаның эскизі жасалды.

Елордада тағы бір аллея ашылады

 

Оған сәйкес, Тілендиев даңғылындағы 44/1, 46, 48 және 50-ші үйлердің жанында аллея ашылады. Ол жерде 200-ге жуық ағаш пен 50 көпжылдық бұта отырғызу жоспарланып отыр.

Негізгі аллеяда әткеншектер пен авторлық орындықтары бар демалыс аймағы болады. Ал балалар алаңы жас санаттары бойынша бөлінген. Жаңадан құрылып жатқан қоғамдық кеңістіктің бойына түптері сәндік тормен қоршалған ірі ағаштар отырғызылады. Сонымен қатар, учаске айналасында көшені жарықтандыруды да қарастырдық, - дейді урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.

Аула кеңістігі аумағында футбол алаңы, воркаут аймағы, тренажер учаскесі, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған алаң, сондай-ақ, 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған ойын алаңы бөлек болады.

Аллеяның айналасында 400-ге жуық көлік тұрағы жасақталады.

Ал Көктал - 2 тұрғын алабындағы ескі сквердің орнында жаңа қоғамдық кеңістік ашылады.

Атап айтқанда, Тарбағатай мен Құсмұрын көшелерінің арасында демалыс аймағы, воркаут-аймақ, инклюзивті ойын алаңы, көлеңкелі шатыр, іс-шараларға арналған сахна салынады.

Сондай-ақ теннис пен шахмат үстелдері орнатылады. Аудан тұрғындары бұл қоғамдық кеңістікті «Қорғалжын саяхат» деп атауды ұсынды.

Айта кетері, «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер - жоспары аясында биыл елордада 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы