Елордада су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда

2 Сәуір 2022, 07:53
1320
Бөлісу:
Елордада су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада су тасқынына қарсы іс-шаралар қарқынды жүріп жатыр. Қалада су тасқыны қаупі бар учаскелер саны өткен жылдармен салыстырғанда 25-ке дейін азайды. Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер тұрақты дайындыққа келтірілді. Тасқын суларды өткізу бойынша кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді.

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарды уақытылы тазалау ерекше бақылауға алынды, сонымен қатар, қардың еруі салдарынан жеке тұрғын үйлерді су басуына жол бермеу мақсатында 25 су тасқыны қаупі бар учаскелер мен елді мекендердегі қарды тазалауға ерекше назар аударылды.

Елордада су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда

Бүгінгі таңда қала аумағынан 4,5 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көп. Бұл ретте «Қазгидромет» РМК деректері бойынша биылғы қысқы кезеңде түскен жауын-шашынның нақты көлемі – 157,1 мм, ал норма – 99 мм.

Елордада су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда
Елордада су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда

Сондай-ақ нөсерлі кәріз желілерін тазалау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. 2022 жылдың басынан бері барлығы 3940 м коллектор жуылды, сол сияқты жауын қабылдайтын құдықтар тазартылды және т.б. Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендерінің бөгеттерін, көпірлері мен арналарын тексеру, гидротехникалық құрылыстардың әзірлігі, жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу және т. б. бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деп атап өтті елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов.

Өзгелердің жаңалығы