Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отан қорғаушылар алаңы ауданында орналасқан «NS Street Life» көше спортының колизейінде, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған стритболдан «Nur-Sultan CUP» турнирінің финал ойындары мен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Турнирге ұлдар мен қыздардан құралған 35 команда қатысты.Стритбол жарысының бірінші кезеңі осы жылдың 19 маусымында Алматы ауданындағы Президенттік саябақта басталған болатын. Біріншілік ойындары тек демалыс күндері, Нұр-Сұлтан қаласының 4 ауданында белгіленген уақытта «ASHYQ» қосымшасы арқылы өтті. Ойынға ұлдар мен қыздардан құралған 110 команда қатысты. Төрт ойыншыдан тұратын командалар U-16, U-18 екі санатында жарысты. Іс-шара соңында жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен, кубоктармен және арнайы стритбол формаларымен марапатталды.
Жарыс қорытындысы:
Қыздар U-16 категориясы бойынша:
1 орын – «Бизешкин» командасы;
2 орын – «Тамирис» командасы;
3 орын – «СДЮШОР №5» командасы;
Үздік ойыншы номинациясы – Анна Кочура.
Қыздар U-18 категориясы бойынша:
1 орын – «Тайгерс» командасы;
2 орын – «СДЮШОРЮ№5» командасы;
3 орын – «Астана» командасы;
Үздік ойыншы номинациясы – Малика Салиева.
Ұлдар U-16 категориясы бойынша:
1 орын – «№52» командасы;
2 орын – «Шарашкина кантора» командасы;
3 орын – «№38» командасы;
Үздік ойыншы номинациясы – Турдиев .
Ерасыл Ұлдар U-18 категориясы бойынша:
1 орын – «Street Beabers» командасы;
2 орын – «3nd» командасы;
3 орын – «Колизей» командасы;
Үздік ойыншы номинациясы – Иса Султанбейбарыс.