Елордада шорт-тректен ел чемпионаты өз мәресіне жетті

20 Наурыз 2023, 14:10
806
Бөлісу:
Елордада шорт-тректен ел чемпионаты өз мәресіне жетті
Фото: Астана қаласы спорт басқармасы

Бүгін Астана қаласында «Алау» мұзайдынында шорт-тректен Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ел ішілік бәсекенің шешуші жарыс күні Ақмола облысы тағыда топ жарды. Атап айтар болсақ, мың метрге жарыста Денис Никиша (Ақмола облысы) жеңіске жетсе, Абзал Әжғалиев (Астана қаласы) пен Мерсаид Жақсыбаев (Ақмола облысы) одан кейінгі сатыға жайғасты.

Бұл қашықтықта әйелдер арасында жерлесіміз Мадина Жанбосынова қарсылас шақ келтірген жоқ. Әлия Әмірғалиева (Қостанай облысы) мен Яна Хан (Ақмола облысы) үздік үштікті түйіндеді.

Елордада шорт-тректен ел чемпионаты өз мәресіне жетті

Аралас эстафета Ақмола облысының шорт-трекшілері чемпион атанды. Қостанай облысы күміс, Астана қаласы қолаға ие болды.

Көпсайыста ерлерден Денис Никиша (Ақмола облысы) жеңіске жетсе, Еркебұлан Шамұханов (Ақмола облысы) пен Нұртілек Қажғали (БҚО) одан кейін тұғыр сатысына көтерілді. Әйелдер арасында Ольга Тихонова (Ақмола облысы) бірінші болса, Мадина Жанбосынова (Астана қаласы) күміс, Яна Хан (Ақмола облысы) қола медаль тақты.

Елордада шорт-тректен ел чемпионаты өз мәресіне жетті

Кеше 2-жарыс күні спринтерлер сайысында (500 метр) Денис Никишаға тең келер ешкім болмады. Еркебұлан Шамұханов екінші, елордалық Абзал Әжғалиев 3-орын алды. Әйелдер арасында да ақмолалық Яна Хан чемпион атанса, жерлесіміз Мадина Жанбосыноваға күміс, Әлия Әмірғалиеваға қола бұйырды.

Ерлер эстафетасында (5000м) Ақмола облысы мәреге бірінші келді. Одан кейін Астана қаласы мен БҚО командасы жетті. Әйелдер эстафетасында (3000м) Қостанай облысы жеңімпаз атанса, БҚО күміс, Шымкент қаласы қола жүлде алды.

Өзгелердің жаңалығы