Елордада сенбі және жексенбі күндері автобустар жүрмейді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Сенбі және жексенбі, 31 шілде мен 1 тамыз аралығында қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар жүрмейді. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.</h4>

 30 Шілде 2021 2021, 13:10
30 Шілде 2021 2021, 13:10
2937

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі және жексенбі, 31 шілде мен 1 тамыз аралығында қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар жүрмейді. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, сенбі және жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес тоқтатылады.

Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды.

Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу арқылы.
 

Наверх