Елордада сауда орталығы өртеніп жатыр

Елорданың Тұран көшесі бойында орналасқан «Сарыарқа» сауда-ойын-сауық орталығы өртеніп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ТЖМ баспасөз қызметі 26 Ақпан 2025 2025, 11:35
26 Ақпан 2025 2025, 11:35
607
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Елорданың Тұран көшесі бойында орналасқан «Сарыарқа» сауда-ойын-сауық орталығы өртеніп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дәл қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Ал орталықтағы адамдар эвакуацияланды. 

Өрт негізгі ғимараттың қаптамасынан және соған жапсарлас салынған екі қабатты құрылыс нысанын шыққан. Құрылыс материалдарын қопару мен су шашу жұмысы жүргізілуде. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, - делінген ТЖМ мәліметінде. 

ТЖМ мамандарының мәліметінше, қазіргі кезде өрт оқшауланды.

Наверх