Елордада сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге өтініш қабылдау басталады

22 Ақпан 2023, 19:52
828
Бөлісу:
Елордада  сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге өтініш қабылдау басталады
Фото: kazgazeta.kz

27 ақпанда Астанада сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ

Бағдарламаға мына санаттағы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады: 

Білім беру саласының; 

Денсаулық сақтау саласының; 

Мәдениет және спорт саласының; 

Әлеуметтік қорғау саласының;

Полиция департаменті және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.

Өтінішті 3 наурызға дейін «Тұрғын үй қоры» КММ сайтында беруге болады. 

1 шаршы метрді жалдау құны – 1455 теңге. Пәтер 20 жылға дейінгі мерзімге жалға беріледі. Тұрғын үй жалға алу мерзімі өткеннен кейін жалға алушының меншігіне өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы