Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін белгілеудің қағидаларына сәйкес, санаторлық-курорттық емделу түрінде әлеуметтік көмек көзделген, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мұндай әлеуметтік көмекті кімдер ала алады:
мүгедек балаларды және жеке оңалту бағдарламасында жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері көзделген бірінші топтағы мүгедектерді (жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертіккен немесе ауруға шалдыққан мүгедектерді қоспағанда) алып жүруші адамдарға санаторлық-курорттық емдеу шығындарының орнын толтыру түрінде әлеуметтік көмек ұсынылады.
Әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші санаторлық-курорттық емдеуден кейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей келесі құжаттарды қоса бере отырып, әкімшіге өтініш беруі керек:
1) жеке басты куәландыратын құжат;
2) шот-фактура немесе фискалды чек;
3) атқарылған жұмыстар актісі;
4) екінші деңгейдегі банктегі немесе «Қазпочта» акционерлік қоғамындағы банктік шоттың нөмірі туралы ақпарат.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Санаторлық-курорттық емделуге арналған шығындарды өтеу түріндегі әлеуметтік көмек санаторлық-курорттық емдеуді ұсынатын ұйымда болған кезеңге нақты шығындар мөлшерінде көрсетілген азаматтардың қатарынан бір адамға, бірақ 35 АЕК-тен аспайтын мөлшерде беріледі.
Осы әлеуметтік көмекті көрсетуге қатысты сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13 мекенжайында орналасқан басқармаға хабарласуға болады, тел.: +77785014172.
«Алматы» ауданының тұрғындары үшін: 87056450638, 55-68-22;
«Сарыарқа» ауданының тұрғындары үшін: 87056450653, 55-68-45;
«Есіл» ауданының тұрғындары үшін: 87056450671, 55-68-34;
«Байқоңыр» ауданының тұрғындары үшін: 87056450692, 55-68-45.