Елордада РАТА Travel Mart 2019 көрмесі өтуде

19 Қыркүйек 2019, 11:30
2778
Бөлісу:
Елордада РАТА Travel Mart 2019 көрмесі өтуде
PHOTO
Фото: Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Азия және Тынық мұхиты қауымдастығына мүше болды (PATA).

Бүгін көрменің ресми ашылуы өтті. Онда Азия және Тынық мұхиты елдері өз мүмкіндіктері мен тың ұсыныстарын көпшілік назарына ұсынды.

720defcd-1506-4a35-856a-aee339b23d24.jpg

«Біз салалық туристік көрмені алғаш рет өткізіп жатырмыз. Әйтсе де, еліміз 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымдарының саммитінен және жетінші қысқы Азия ойындарына және 2017 жылғы бүкіләлемдік ЭКСПО көрмесіне дейін ұйымдастырды. Қазақстанның жаһандық мәдениеті иен экономикалық интеграциясы – еліміздің сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі. Қазақстан туристерді құшақ жая қарсы алады. Бүгінде әлемнің 63 мемлекетіне визасыз режим орнатылды. Ал Қытай мен Үндістан үшін визасыз траспорттық кіру мүмкіндігі бар», - деді мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Бақытжан Темірболат.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бастаған ресми делегаттар көрме павильонын аралады. Мұнда олар түрлі өнімдер, қызметтер мен туристерді тартуға және елдердегі туризм саласын дамытуға көмектесетін жаңа ұсыныстармен танысты. Көрмеге 32 елден 250 селлер келген. Олар тіл үйірер тағамнан бастап, Жапониядағы «фото-демалыс», Қытайдағы турларға дейінгі үздік өнімдер мен қызметтер жайында ақпаратқа қанықты.

d2a99af3-a81a-4ceb-b186-40393d3ccce7.jpg

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен қауымдастық төрағасы Крис Боттрилл осы шараның басты құжаты – РАТА қауымдастығына кіру туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мен «Эйр Астана» әуекомпаниясы арасында ортақ серіктестік жөнінде келісім жасалды.

bd39f410-590c-4a6a-86b8-eabbc8b8b0a8.jpg

PATA Travel Mart 2019 көрмесінің екінші күні РАТА, Азия даму банкі, Plug and Play ұйымдастырған тақырыптық сессияға ұласты. Оларды «Малайзия туризмі», Бангладеш туризмі бойынша кеңес және «Эйр Астана» әуекомпаниясы ұйымдастырды.

Естеріңізге саламыз, PATA Travel Mart 2019 ертең де жалғасады. 20 қыркүйекте Esentai Mall аумағында Қазақстандағы Tax Free салықсыз режимі енгізіледі.

Сондай-ақ, PATA Travel Mart 2019 көрмесінде PATA Gold Awards 2019 марапаты ұсынылады. 18-20 қыркүйек аралығында «Көрме» орталығында ТМД-дағы алғашқы халықаралық туристік көрме өтіп жатыр. Азия-Тынық мұхиті елдерінің PATA Travel Mart 2019 көрмесін ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ұйымдастыруда.

2f1a7245-24fd-44a4-8d69-b0be5f51a25c.jpg

1394aa4f-9731-4f04-9ff5-a1eda6768edf.jpg

a7cf06e6-ef5e-480d-acf3-b7778d409295.jpg

a85793f0-da33-41a3-ac37-6f0eba752ace.jpg

Айта кетейік, PATA (Азия және Тынық мұхиты елдерінің туристік ассоциациясы) бейкоммерциялық мүшелік ассоциация, ол Азия-Тынық мұхит аймақтарына және осы аймақтардан шығатын саяхат пен туризмді жауапты дамытудың жылдамдатқышы. 1951 жылы құрылған. Ассоциация 800-ден астам мүше ұйымды, соның ішінде 95 үкіметтік, мемлекеттік және қалалық туристік ұйымды, 20 халықаралық әуекомпания мен әуежайды, 102 қонақ күту ұйымын және 70 білім мекемесін, сондай-ақ жүзден астам жас адамды, дүние жүзі бойынша кәсіби туристік қатысушыны келісілген ақпараттық-насихат қызметпен, терең зерттемелермен және инновациялық іс-шаралармен қамтамасыз етеді.

Өзгелердің жаңалығы