Елордада Құрбан айттың құрметіне спорттық сайыс өтті

9 Шілде 2022, 22:45
2111
Бөлісу:
Елордада Құрбан айттың құрметіне спорттық сайыс өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін әлемнің ең көрікті 10 мешітінің қатарына кіретін елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің аумағында қалалық спорт басқармасы, Құрбан айт мерекесіне орай жамағат арасында ұлттық ойын түрлерінен спорттық сайыс ұйымдастырды.

Елордада Құрбан айттың құрметіне спорттық сайыс өтті

Таң сәрімен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы  уағыз айтып, жамағатпен бірге айт намазын оқыды.

Бас мүфти: 

Қасиетті Құрбан айт – мұсылман жұртшылығының ұлық мерекесі. Айт – сөзі «әл-ғиду» сөзiнен шығып, мереке, мейрам, қуаныш деген мағыналарды білдіреді. Қасиетті «Құрбан айт» күні мұсылман адам айт намазын оқып, құрбан шалып, айт мерекесімен өзгелерді құттықтап, қайырымды істер атқаруға тырысады. Бұл күндерді ұлықтап, адамдарға қуанышты көңіл-күй сыйлау – тақуалық белгілерінен, – деп, ұлық мейрамның әдептеріне жеке-жеке тоқталды.

Елордада Құрбан айттың құрметіне спорттық сайыс өтті

Еліміздегі зәулім мешітке жиналған жамағат Бас мүфтимен бірге елдің амандығы, тыныштығы үшін дұға тілеп, құрбан шалуға ниеттенді.

Елордада Құрбан айттың құрметіне спорттық сайыс өтті

Бұдан кейін ҚМДБ Төрағасы мешіт ауласында өткізіліп жатқан асық ату, арқан тартыс, қол күрес және гір тасын көтеру сыңды спорт түрлерінің куәсі болды.

Сондай-ақ киіз үйде арнайы жайылған дастарқаннан дәм татып, келген қонақтарға батасын берді.

Елордада Құрбан айттың құрметіне спорттық сайыс өтті

 «Құрбан айт» мерекесіне арнайы ұйымдастырылатын спорт шарасының негізгі мақсаты – мешіт жамағаты арасында дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар, Исламның дәстүрлі емес ағымының жетегінде жүрген жандарға асыл діннің оң жолын көрсету арқылы оларды бауырға тарту, - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

«Құрбан Айт» - мұсылмандардың ең маңызды мерекелерінің бірі, ол Ораза аяқталғаннан кейін 70-күні тойланады. Осы жылы Құрбан айт шілденің 9-ы күні басталып, үш күнге жалғасады.

Елордада Құрбан айттың құрметіне спорттық сайыс өтті

Шара соңында ұлтты ұйыстырған ұлық мерекенің жеңімпаздарына алғыс хат және естелік сыйлықтар табысталды.

Ұлық мейрамға жиналған жамағат бір-біріне жылы тілектерін, ықылас ниеттерін білдіріп, мешіттің ұжымына ризашылықтарын айтып, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Елордада Құрбан айттың құрметіне спорттық сайыс өтті

Осылайша, Құрбан айттың бірінші күні елордадағы барлық мешітте айт намазы оқылып, мерекелік іс-шаралар аталып өтілді.

Өзгелердің жаңалығы