Астанада құқық бұзған шетелдіктерді мәжбүрлеп елден шығарып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.
Елорданың көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасынан кетуден жалтару фактісін анықтады.
58 жастағы Түркия азаматы 2022 жылдан бастап Қазақстанда заңсыз болған. Сол күні заңсыз мигрантқа қатысты ҚР аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін сот мәжбүрлеу тәртібімен елден әкімшілік шығарып жіберу туралы қаулы шығарды. Шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамау қылмыстық жазаланатын әрекет болып табылады және қылмыстық заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады, - деп жазылған хабарламада.
Елорда көшелерінде және қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, елорда аумағында заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу мақсатында 21 ақпаннан бастап «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері полиция қызметкерлері шетел азаматтарының ҚР аумағында болу ережелерін бұзудың 127 фактісін анықтады. Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өткені үшін 1 қылмыстық іс қозғалды. Бұрын мамандандырылған соттың шешімімен елден шығарылған 7 шетелдік азамат мәжбүрлеп шығарылды, - деп жазылған хабарламада.