Астанада қазақ және өзбек ғалымдары мен шығармашылық қауымының алғашқы форумы ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Іс-шара Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваның ресми сапары аясында өтті.
Форумда Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен өткен жиынның маңыздылығын атап өтті. Оның сөзінше, мәдениет, ғылым және білім – бауырлас халықтарды жақындастыратын сенімді көпір.

Қазақ-өзбек зиялыларының форумы – бауырлас халықтарымыздың рухани және мәдени ынтымақтастығына жаңа жол ашатын айтулы оқиға.
Форумның Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы, құрметті Нарбаева Танзила Камаловнаның ресми сапары аясында ұйымдастырылуы да іс-шараның маңызын одан әрі арттырып отыр. Жалпы, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастың ауқымы қатардағы дипломатиялық шеңберден әлдеқайда кең. Біздің байланысымыз – тек тату көршілікке ғана емес, сонымен бірге ортақ тарихи тамырға негізделген шынайы туыстық қатынасқа табан тірейді, - деп атап өтті Сенат спикері.
.jpeg)
Айтуынша, қазақ-өзбек зиялыларының форумы – бауырлас халықтарымыздың рухани және мәдени ынтымақтастығына жаңа жол ашатын айтулы оқиға.
Жалпы, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастың ауқымы қатардағы дипломатиялық шеңберден әлдеқайда кең. Біздің байланысымыз – тек тату көршілікке ғана емес, сонымен бірге ортақ тарихи тамырға негізделген шынайы туыстық қатынасқа табан тірейді. Халықтарымызды ежелден бауырластығымыз, ортақ дәстүр мен руханият, түбірі бір тіл мен мәдениет біріктіреді. Біздің жерлерімізді қазіргі мемлекеттік шекаралар болмаған кездің өзінде Ұлы Жібек жолы жалғап тұрды, - деді Мәулен Әшімбаев.
Өз кезегінде Танзила Нарбаева да форум идеясына қолдау білдіріп, бұл бастама мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге зор ықпал ететінін айтты.

Жиын барысында жастар арасындағы ынтымақтастық, ортақ ғылыми жобалар, білім беру бағдарламалары мен шығармашылық бастамаларды дамыту мәселелері талқыланды. Ұйымдастырушылардың мәліметіне сүйенсек, форум екі елдің зиялы қауым өкілдері үшін тұрақты диалог алаңына айналады.