Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қала әкімдігі, ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар мамандарының қатысуымен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін мұнара крандарын тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Мұнара крандарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша құрылған жұмыс тобы аясында «Bai-Tursyn» тұрғын үй кешенінінің құрылысы жүріп жатқан аумақта мұнара крандарына тексеру жүргізілді.
Мұнда 4 мұнара краны жұмыс істейді, тексеру кезінде біреуінің өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларына сай келмейтіні анықталды.
Осыған байланысты, тиісті талаптар қамтамасыз етілгенге дейін аталмыш мұнара кранының жұмысы тоқтатылды. Жұмыс тобы өзге де мұнара крандарын тексеру ісін жалғастыруда.