А.Молдағұлова көшесінен Б. Хмельницкий көшесіне дейінгі учаскедегі Қарауыл көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Астана қаласының Көлік және жол - көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы баспасөз қызметі мәлім етті.
"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Жол жүрү қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісу бойынша А.Молдағұлова көшесінен Б. Хмельницкий көшесіне дейінгі учаскедегі Қарауыл көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарының басталатыны туралы хабарлайды. Осыған байланысты биыл 2-7 сәуір аралығында жоғарыда аталған учаске бойынша автокөлік құралдары үшін қозғалыс жабылатын болады, - делінген хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс жағдайларының туындауын болдырмау үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.