Елордада Қарағанды тұрғынынан қару тәркіленді

4 Ақпан 2023, 09:01
1203
Бөлісу:
Елордада Қарағанды тұрғынынан қару тәркіленді
PHOTO
Фото: Polisia.kz

 Елордада Қарағанды тұрғынынан қару тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

 Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында қару мен жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру фактісін анықтады.

 Түнгі уақытта Абылайхан мен Жансүгіров көшелерінің қиылысында 22 жастағы жүргізуші басқарған Lada Priora автокөлігі тоқтатылды. А

втокөліктің 22 жастағы жолаушысын жеке тінту барысында оның күртешесінің оң қалтасынан ОСА тапаншасы, сол қалтасынан РГД-5 гранатасы табылды. 

Елордада Қарағанды тұрғынынан қару тәркіленді

Полиция қызметкерлері дереу гранатаны жарылғыш заттарды сақтауға арналған колбаға орналастырған. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қазіргі уақытта қару мен граната тәркіленген Қарағанды қаласының тұрғыны ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы