Елордада «Qanattylar» инклюзивті театры ашылды

17 Қазан 2021, 12:14
2462
Бөлісу:
Елордада «Qanattylar» инклюзивті театры ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жастар» театрында «Qanattylar» инклюзивті театры ашылды. Инклюзивті театрдың артықшылығы – ерекше қажеттілігі бар адамдарды әлеуметтендіру, олардың әлеуетін ашу, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік беру. Олар өткізілген сабақ есебінен де өзіндік оңалту алады.

Біз ерекше қажеттілігі бар қала тұрғындарына толық қолдау көрсетуге тырысамыз. Осылайша, сахнада көру, есту, сөйлеу проблемалары бар адамдар, сондай-ақ арбамен жүретін адамдар өнер көрсетеді. Театр базасындағы ерекше адамдар сахналық өнермен, хореографиямен айналысады, мәдени іс-шараларға белсенді қатысады, - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оңалту орталықтарының желісі едәуір кеңейтілді, жаңа үйлердің бірінші қабаттарында әлеуметтік нысандар (оңалту орталықтары) ашылуда.
Осындай инклюзивті театр ашу ұсынысымен маған Арнұр Ысқақов жүгінді, ол мүмкіндігі шектеулі адамдардың проблемалары туралы жақсы біледі. Бұл идеяны қолдап, жүзеге асыра бастадық. Біз үшін ерекше қажеттілігі бар қала тұрғындарын оңалту және әлеуметтендіруге жағдай жасау өте маңызды, - деді қала әкімі.

Осы жылдың жазында елордада көру қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақша ашылды.

Өзгелердің жаңалығы