Елордада "Қаллеки тынысы" спектакльдер шеруі қорытындыланды

"Қаллеки тынысы" шеруі театр өнерін насихаттау және актерлік шеберлікті дамыту мақсатында жыл сайын өткізіледі.

 Мәдениет және ақпарат министрлігі Кеше 2026, 23:27
Кеше 2026, 23:27
151
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Халықаралық театр күніне орай өткен «Қаллеки тынысы» спектакльдер шеруі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

21-27 наурыз аралығында көрермендерге соңғы бір жылдағы премьералық қойылымдар ұсынылып, әр спектакльге театр сыншылары кәсіби баға берді. Сонымен қатар актерлік шеберлікті дамытуға арналған шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

Көрермендер таңдауы бойынша «Үздік актер» – Жанат Оспанов, «Үздік актриса» – Инабат Әбенова атанды. Қазылар алқасының шешімімен де «Үздік актер» атағы Жанат Оспановқа беріліп, «Үздік актриса» ретінде Айкөркем Тұранова танылды.

Сондай-ақ «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» – Ұлан Қабыл, «Екінші пландағы үздік әйел рөлі» – Ботагөз Мақсұтова иеленді. «Үміт» номинациясы Қайыржан Садықовқа бұйырса, қазылардың арнайы жүлдесі Айнұр Жетпісбаеваға табысталды.

«Театр тарланы» құрметті сыйлығымен Қазақстанның Халық әртісі Тлектес Мейрамов марапатталды.

Айта кетейік, «Қаллеки тынысы» шеруі театр өнерін насихаттау және актерлік шеберлікті дамыту мақсатында жыл сайын өткізіледі.

Наверх