Елордада ПТР тест кімдерге тегін жасалады?

11 Желтоқсан 2020, 13:04
2061
Бөлісу:
Елордада ПТР тест кімдерге тегін жасалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында коронавирустық инфекцияның елордада таралуы және қаладағы карантин режимінің сақталуын бақылайтын мониторинг тобының жұмысы туралы онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтып берді.

Оның айтуынша, ПТР сараптамасы ЖРВИ белгілері бар науқастарға, коронавирус инфекциясын жұқтырушымен байланыста болғандарға және аптасына бір рет жүкті әйелдерге тегін жасалады. Сондай-ақ ауру белгілері бар азаматтардың 103-ке қоңырау шалуына болады, оларға арнайы мобильді бригада жіберіліп, ПТР сынамасы жасалады.

Қазіргі күні негізгі салмақ амбулаторияларға түсіп отыр. Өйткені олардың әрқайсысында 2-3-тен фильтр кабинеттері ашылған. ЖРВИ белгілері бар науқастар бірден сол жерге барулары қажет. Коронавирус белгілері анықталған жағдайда оларға ПТР сынамасы жасалады, - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі күні елорданың инфекциялық ауруханаларында 204 науқас ем алып жатыр. Сондай-ақ, ауруханадағы төсек санының 38 пайызы науқастарға толы. 705 науқас амбулаториялық ем алуда.

Еске сала кетейік, соңғы екі айда елордаға шетелден 35 мыңнан астам адам келгені туралы осыған дейін хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы