Елордада қыз зорламақ болған қашқын ұсталды

10 Қазан 2019, 03:38
3126
Бөлісу:
Елордада қыз зорламақ болған қашқын ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жас қызды зорламақ болып қолға түскен күдікті ер адам 9 қазанда психдиспансерден қашып кеткен болатын. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

"22:40-та Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қызметкерлері кешенді жедел іздестіру іс-шаралары кезінде тергеу үшін қамаққа алынған ер адамды ұстады. Ол 9 қазан күні 12:22-де Жансүгіров көшесінде орналасқан ШЖҚ "Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы" МКК аумағынан қашып кеткен. Ол тергеу изоляторына қамауға алынды. Тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тұрғындардан іздеу жұмыстары кезінде қаладан шығар жолдарда туындаған уақытша ыңғайсыздық үшін кешірім сұрайтынын мәлім етті.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (зорлау) бойынша айыпталған ер адам психо-неврологиялық диспансерден бой тасалағаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

5 қыркүйек күні елордадағы №83 мектеп-лицейі маңында ер адам 17 жастағы қызды зорлауға әрекеттенген. Абырой болғанда мектеп қызметкері көмекке келіп, қыз қашып үлгерген. Тәртіп сақшылары 42 жастағы адамды ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізген болатын.




Өзгелердің жаңалығы