Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Анықталғандай, күдікті азаматтардан алаяқтық жолмен ақша алған 17 жастағы жігіт болып шықты. Алаяқ Telegram интернет-ресурсы арқылы ең көп оқырмандары бар танымал арналарды жалға алған.
Содан кейін ұтыс ойынын сылтауратып, хабарламалар жариялап, сипаттаманың астына: “Кім ақшаны көбірек лақтырады, сол – жеңімпаз” деген жарнама орналастырған. Осылайша, басқа біреудің мүлкін иемденуге бағытталған тікелей қылмыстық ниеті бар қаскүнем алдау және сенімге кіру арқылы арна абоненттерінен ақша алған, - делінген ақпаратта.
Жалпы шығын сомасы шамамен жарты миллион теңгені құрайды. Жас жігіт өз кінәсін толық мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас 7 эпизодқа қатысы бар екені анықталды.