Елордада паратаеквондодан қалалық жарыс өтеді

Елордада Тәуелсіздік күніне орай 17 желтоқсан күні сағат 11:00 де Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында тірек – қимыл аппараты зақымдалған, есту қабілеті төмен спортшылар арасында паратаеквондодан қалалық жарыс өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

14 Желтоқсан 2022 2022, 19:14
АВТОР
 14 Желтоқсан 2022 2022, 19:14
14 Желтоқсан 2022 2022, 19:14
1177

Елордада Тәуелсіздік күніне орай 17 желтоқсан күні сағат 11:00 де Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында тірек – қимыл аппараты зақымдалған, есту қабілеті төмен спортшылар арасында паратаеквондодан қалалық жарыс өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарысқа қатысушылар «пхумсе» және «керегу» бағдарламалары бойынша әр түрлі салмақ санаты бойынша өнер көрсетеді.

Пара таеквондо жаттықтырушысы Ербол Симамбаевтың айтуынша, қалалық жарыс Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді. Жарысқа шамамен 20-ға жуық пара спортшы қатысады. Мұндай жарыстар қаламызда жиі өткізіліп тұрады. Бұл жарыс демонстрациялық орындау бағдарламасы бойынша өтеді.

Жарыс 17 желтоқсан күні сағат 11:00 -де Паралимпиадалық жаттықтыру орталағында (Ақшоқы 2) өтеді.

Наверх