Елордада пандемия кезінде кәсіпкерлік нысанның 40%-ы жабылған

22 Сәуір 2022, 07:21
1591
Бөлісу:
Елордада пандемия кезінде кәсіпкерлік нысанның 40%-ы жабылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада коронавирус пандемиясы кезінде кәсіпкерлік нысанның шамамен 40%-ы жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлер палатасы жанындағы өңірлік кеңесінің басшысы Болат Омаров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Пандемия кезеңінде экономикалық көрсеткіштер шамамен 30-40%-ға төмендеді. Бұл 2019-2021 жылдар аралығы. Осы 2 жылда қызмет көрсету, тамақтану, балаларды тәрбиелеу сынды салалар қатаң бақылауда болды. Әрине, бұл олардың жұмысына салдарын тигізді, – деді Болат Омаров Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің бизнес-қоғамдастық алдындағы есептік кездесуінің кулуарында.

Ол бүгінде барлығы біртіндеп, қалпына келіп жатқанын атап өтті.

Кәсіпкерлердің жұмыс істеуіне рұқсат берілді, коронавирус жұқтыру дерегі азайды. Сондықтан саладағы жағдай жақсарады деген үміттемін, – деді басшы.

Өзгелердің жаңалығы