Астана тұрғыны жоғалған банк картасынан ақша жұмсаған деп хабарлайды BAQ.KZ.
59 жастағы жергілікті тұрғын мобильді қосымшадан әртүрлі дүкеннен зат сатып алынғаны туралы көптеген хабарлама көрген, содан кейін жәбірленуші ақша ұрланғаны туралы арызбен полицияға хабарласты.
Әйел адам бір күн бұрын банк картасын жоғалтып алғанын жеткізген. Жедел іздестіру шаралары барысында Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері заңсыз әрекетке барды деген күдікпен Астана қаласының 47 жастағы тұрғынын ұстады.
Күдіктінің айтуынша, ол банк картасын үйдің ауласынан тауып алған. Әйел адам карта иесін іздемей, одан ақша жұмсауды шешкен: екі күн бойы ол жергілікті дүкендерден азық-түлік сатып алған. Материалдық шығын 50 мың теңгеге жеткен.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындады.
Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарын қырағы болуға шақырады. Құқық қорғаушылар ұрлыққа жол бермеу үшін азаматтарға өз мүлкін мүмкіндігінше мұқият қадағалауды ұсынады.