Елордада өткен қайырымдылық іс-шарада пәтер кілттері табысталды

26 Желтоқсан 2022, 20:53
1304
Бөлісу:
Елордада өткен қайырымдылық іс-шарада пәтер кілттері табысталды
Фото: BAQ.KZ

Астанада өтіп жатқан “BIZ ВIRGEMIZ FEST” атты ауқымды республикалық қайырымдылық музыкалық фестивалінде жаңа пәтерлердің кілттері табысталды,  деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев фестивальді ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларға алғыс айтып, барша өнер иесіне шығармашылық жолда жаңа жеңістерге жетуге тілектестігін білдіре отырып, іс-шараның шымылдығын ашты.

Елордада өткен қайырымдылық іс-шарада пәтер кілттері табысталды

Ол балалардың әл-ауқаты, олардың интеллектуалдық, шығармашылық және рухани дамуы ұлтымыз үшін маңызды басымдықтар екенін айтты.

Елордада өткен қайырымдылық іс-шарада пәтер кілттері табысталды
Елордада өткен қайырымдылық іс-шарада пәтер кілттері табысталды

Қазіргі таңда елімізде мемлекеттің әлеуметтік саясатының басымдықтары туралы түсінік өзгеріп жатыр. Әділетті Қазақстан дегеніміз - ең алдымен, инклюзивті Қазақстан. Біз көмекке мұқтаж әр азамат, әр бала мемлекеттің қамқорлығын сезінуге тиіс қоғам құрып жатырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осындай міндет жүктеп отыр. Сондықтан мемлекет ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдап, кедергісіз орта және инклюзивті қоғам қалыптастыру үшін тиісті жұмысты жалғастыра береді, – деді Мәулен Әшімбаев.

Елордада өткен қайырымдылық іс-шарада пәтер кілттері табысталды

Фестиваль барысында демеушілер тарапынан баспана кілті жалғызбасты ана Әсел Омароваға табысталды. Сертификатты Ақтөбелік меценат Мөлдір Сүйіншіәлі елордаға арнайы келіп тарту етті.

Елордада өткен қайырымдылық іс-шарада пәтер кілттері табысталды

Пәтер кілтін алғандардың бірі Кенжебек Нұрдолдай өз қуанышымен бөлісті. Оған “Biz birgemiz Qazaqstan” ҚҚ төрайымы Перизат Қайрат екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. 

Елордада өткен қайырымдылық іс-шарада пәтер кілттері табысталды
Елордада өткен қайырымдылық іс-шарада пәтер кілттері табысталды
Елордада өткен қайырымдылық іс-шарада пәтер кілттері табысталды

Бізді қолдап жатқандарыңызға алғысым шексіз. Өнеріміз дами түсіп, елімізді танытуға атсалысамыз, - деп қуанышын жеткізді.

Елордада өткен қайырымдылық іс-шарада пәтер кілттері табысталды

Сонымен қатар ол қайырымды жандардың қолдауының шынымен де сезілетінін атап өтті.

Елордада өткен қайырымдылық іс-шарада пәтер кілттері табысталды
Елордада өткен қайырымдылық іс-шарада пәтер кілттері табысталды
Елордада өткен қайырымдылық іс-шарада пәтер кілттері табысталды

Айта кетейік, атаулы іс-шара балалар жылына орай ұйымдастырылған. Оның негізгі ерекшелігі ерекше балалардың үлкен сахнада өнер көрсетуіне мүмкіндік беру.

Өзгелердің жаңалығы