Елордада отандық тауар өндірушілерді қолдайтын брифинг өтті

15 Тамыз 2019, 22:14
1838
Бөлісу:
Елордада отандық тауар өндірушілерді қолдайтын брифинг өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінде отандық тауар өндірушілерді қолдайтын «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының тетіктері талқыланған брифинг өтті. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында республикаға 600 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Бағдарлама туралы баяндамалар жасалды. «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікті бағдарламасын іске асыру отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында ағымдағы жылы басталды. Ол 6% жылдық мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелер ұсынады.

"Бағдарлама үшін екінші деңгейлі 9 банкке жалпы республика бойынша 600 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат келесі бағыттардағы басым жобаларды қаржыландыруға үлестірілді: - агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу - 100 млрд теңге; - агроөнеркәсіптік кешеніндегі өндіріс - 100 млрд теңге; - өңдеуші өнеркәсіп пен қызмет көрсету - 400 млрд. теңге", - делінген таратылған ақпаратта.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, банк несиені 15% береді, оның 9%-ы «Даму» қорымен субсидияланады.
Өзгелердің жаңалығы