Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келушілер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауды ұмытпауы керек, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
3-4 қазан күндері «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы) Қостанай және Қарағанды облыстарының қатысуымен жәрмеңке өтеді.
Екі күн ішінде 14 аудан мен 7 қаладан 130-дан астам кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын болады.
Жәрмеңкеде сүт, ет өнімдерін шығаратын республикаға және шет елге танымал кәсіпорын брендтері өз өнімдерін ұсынады: «Шахтерское» ЖШС, «Нәтиже» ЖШС, «Редмилк» ЖШС, «ЕвразиянФудс» ЖШС, «Құлагер», «Дедов» ЖШС, «Мецгер» ЖШС, «Милх» ЖШС, «ДЕП» ЖШС, «Лидер-2010» ЖШС, «Баян Сұлу» АҚ, «Тэрра» ШҚ, «Қаржау» ШҚ, «TERRA MEAT» ЖШС, «Торғай Ет» ЖШС, «Қорғау» ЖШС, «Sher-777» ЖШС және т.б.
Кәсіпорындар 980 тонна көлемінде 100-ден астам өнім түрін сатуды жоспарлап отыр. Оның ішінде түрлі мал еті – 150 тоннадан астам, сүт өнімдері – 50 тонна; шұжық өнімдері және жартылай ет өнімдері – 20 тонна, балық – 5 тонна; жарма және макарон өнімдері – 30 тонна; картоп пен көкөніс – 60 тонна; ұн – 50 тонна.
Сондай-ақ ұсынылған өнімдердің ассортиментіне нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, бал және т.б. кіреді. Барлық өнім орташа нарықтық бағадан 10-15% төмен сатылатын болады.
Келушілер санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен қашықтықты сақтауды, маска тағуды және санитайзерлерді қолдануды ұмытпауы керек.