Астана қаласы әкімдігінің «Балалар – жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі» КММ басшысы Азамат Тағаев брифингте мектепте қандай спорт түрлерімен тегін айналысуға болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі уақытта мектепте паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес 17 спорт түрі бар, - деп айтты мектеп басшысы.
Олар:
- волейболды отырып ойнау;
- үстел теннисі;
- дзюдо;
- жеңіл атлетика;
- жүзу;
- сомдалу;
- таеквондо;
- оқ ату;
- футбол;
- грек-рим күресі;
- еркін күрес;
- арбамен билеу;
- пара-каратэ;
- қол күресі;
- дойбы;
- шахмат;
- тоғызқұмалақ.
2023 жылға арналған барлық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының тізімінде мектебіміздің 130 спортшысы бар. Ол 2022 жылмен салыстырғанда 42 спортшыға өсті. Мектебімізде жалпы 400-ден астам спортшыбар. Оның ішінде 159 спортшының тірек-қимыл аппараты зақымдалған, 71 спортшының көру қабілеті төмен, 169 спортшының есту мүшесі зақымдалған және 5-еуі жұп спортшылар, - деп айтты Азамат Тағаев брифингте.
Айтуынша, мектеп спортшыларының қатарында спорттық дәрежелі 246 спортшы бар. Олармен 30-ға жуық жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді.
Мектепте тегін спортпен шұғылдану үшін 7-11 жас аралығындағы балалар жазыла алатынын еске сала кетейік.