Елордада МСҚ 110 қызмет жеткізуші медициналық ұйыммен келісімшарт жасады

26 Наурыз 2021, 18:04
1023
Бөлісу:
Елордада МСҚ 110 қызмет жеткізуші медициналық ұйыммен келісімшарт жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиал директоры Нұрлыбек Қабдықапаров бүгін филиалдың 2020 жылы атқарған қызметі мен 2021 жылғы жоспарлары туралы онлайн форматта өткен брифинг барысында айтты.

2021 жылға медициналық қызметтер сатып алу қорытындысы бойынша, Медициналық сақтандыру қорымен 2021 жылы медициналық қызмет көрсету үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 110 қызмет жеткізуші медициналық ұйыммен тікелей келісімшарт жасалды. Олардың  37-і – мемлекеттік (34%), 73-сі – жекеменшік клиникалар  (66%). Бірлесіп орындау шарты бойынша 169 медицина ұйымы қызмет көрсетеді, - деді Қабдықапаров.

Оның айтуынша, Қор стратегиялық тұрғыда медициналық қызметтерді сатып алушы болғандықтан, медициналық қызметтерді жеткізушілердің келісімшарттағы міндеттемелерін орындауын және сапалы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету үшін мониторинг жүргізіп отырады. 

2021 жылы Қор мониторинг жүргізу шараларына маңызды жаңалық енгізуді – медициналық қызмет көрсету тәртібінің бұзылу жағдайлары мен себептерін анықтауға және ескертуге бағытталған проактивті мониторинг енгізуді жоспарлап отыр. Мұндай мониторингтің ерекшелігі - бұрмалаушылық анықталған сәтте айыппұл шараларының болмауында.  Медициналық қызмет жеткізуші келісімшарттағы міндеттемелерін орындамаған кезде жасалған қорытындыға қол қойылғаннан күннен бастап 45 күнтізбелік күн ішінде және анықталған кемшіліктерді түзетуі тиіс. Тек кемшіліктер көрсетілген мерзімде түзетілмеген жағдайда ғана медицина ұйымына айыппұл салынады, - деді ол. 

Нұрлыбек Қабдықапаров Медицина ұйымдарының басшылары кемшіліктерді түзетуге берілген мүмкіндікті пайдаланып, пациенттерді қолдау қызметінің жұмысы мен сапаны ішкі сараптау шараларын күшейтуі керек екенін айтты. Сондай-ақ, орта медицина қызметкерлерінің құжаттарды толтыру, дәрігердің тағайындауларының дұрыс, сапалы орындауын қадағалап, жүйелі түрде сараптама жүргізіп отыру қажет. Сонда ғана тұрғындарға көрсетілген қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік болады.

Өзгелердің жаңалығы