Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елордада мереке күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

30 Желтоқсан 2022, 16:06
1039
Бөлісу:

CTS демалыс күндері елорда тұрғындары мен қонақтары Астананы қоғамдық көлікпен қалай аралай алатынын хабарлады, деп жазады BAQ.KZ қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылдың 1 қаңтары – демалыс күнінің кестесіне сәйкес:

Бұл күні барлық қалалық және қала маңындағы №303, 304, 306, 307, 320, 323, 326 бағыттар сағат 10.00-ге дейін бір автобустан, ал сағат 10.00-нан кейін әдеттегі кесте бойынша жүреді, деп еске салды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қала маңындағы маршруттар – №302, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 314, 315, 316, 317, 318, 319, 321, 322, 327 – сағат 10.00-нан жүре бастайды. Демалыс күннің кестесіне сай жүреді.

2 және 3 қаңтарда да демалыс күндерінің кестесі қолданылады.

Одан кейінгі күндер қоғамдық көліктердің жұмысы әдеттегі қозғалыс кестесіне сәйкес тұрақты режимде болады, деп атап өтті әкімдік.

Өзгелердің жаңалығы