Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді, деп хабарлады «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі.
"21 тамызда сағат 11.00-де елордалық Достық үйінде (Б.Момышұлы даңғылы, 24/9) «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді. Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырады",- делінген хабарламада.
Акцияның мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін және көпбалалы отбасыларына, сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде материалдық және өзге де көмек көрсету.
Қайырымдылық акциясы барысында 46 бала киім-кешекпен, оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Оларға тәттілер ұсынылады. «Мектепке жол» акциясына этномәдени бірлестіктердің төрағалары белсенді қатысуда.