Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаевтың қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Брифинг барысында Серік Әділбаев мектеп жәрмеңкесін өткізу туралы айтты.
Мектеп жәрмеңкесін 1-31 тамыз аралығында өткізу жоспарланып отыр. Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мен аудан әкімдіктері бірлесіп ұйымдастыратын болады. Атап айтқанда:
Байқоңыр ауданында: «Аймақ – Тау», «Тұлпар» сауда үйлерінде;
Нұра ауданында: «Азия Парк», «Keruen City» ойын-сауық орталықтарында;
Сарыарқа ауданында: «Рахмет», «Джафар», «Көктал», «Әсем» сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтарында;
Алматы ауданында: «Армада», «Astana Mall», «Аружан» сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтарында өтеді, - дейді Серік Әділбаев.