Елордада медициналық бетперделер шығаратын жаңа кәсіпорын ашылды

10 Шілде 2020, 11:30
1207
Бөлісу:
Елордада медициналық бетперделер шығаратын жаңа кәсіпорын ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында медициналық бетперде шығарумен айналысатын "Bioniсk-Pro" өндіріс ошағы ашылды. Бұл туралы strategy2050.kz сайты хабарлады.

Өнеркәсіптің ашылғанына небәрі екі апта болды. Осы күнге дейін 1 млн-нан астам бетперде шығарылған.

Өндіріс орнының директоры Арон Қадыровтың айтуынша, өнеркәсіп тәулігіне 180 000 дана бетперде шығара алады. Қазіргі таңда сұранысқа сәйкес, тәулігіне 80 000 – 120 000 дейін медициналық бетперде өндірілуде. Бұл бетперделерді қаланың дәріханалары мен емханаларына жеткізеді.

0451263003950798cafe7e0397b4cf2c_original.77657.jpg

Бетперде өндірісі автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған екі станок арқылы жүргізіледі. Бірінші станок үш матаны біріктіріп, үтіктеп, үш рет бүктеп, жиектеріне тігіс салады. Келесі станокта бетперделер арнайы өлшеммен кесіліп, құлаққа тағатын резеңкесі желімделеді. Одан кейін мамандар бетперделерді тексеріп, санап, арнайы қаптамаларға 50 данадан салып отырады.

c8b6457211c4e15f3baa3d311ba52a46_original.70366.jpg

Бетперде өндірісіне арналған маталар мен резеңкелер Түркия мен Ираннан жеткізіледі. Ал станоктар Қытайдан сатып алынды. Өнеркәсіп ошағының мамандары Шанхай және Гуанчжоу қалаларына барып, осы станоктарда жұмыс істеуді арнайы үйреніп келді.

f768fc8c9ae390d0d81840e464b8fe1f_original.58698.jpg

Маскалар арнайы су өткізбейтін, сапа бақылауынан өткен маталардан жасалады және міндетті түрде үш қабатты болады. Айта кету керек, мақталы, тоқыма маталардан тігілген маскалардың қорғаныш деңгейі төмен болады. Және мұндай маскалар суланады да, микроб жинайды. Сондықтан, арнайы спанбонд, мельтблаун деп аталатын маталардан дайындалатын маскаларды пайдалану керек. Біздің үшқабатты маскалар осындай маталардан тігіледі және 92% сыртқы күштерден тыныс алу жолдарын қорғай алады, - дейді өнеркәсіп директоры.

0bcb3de14c30fa99e30f48889c656bd0_original.82453.jpg

Жақында өндіріс орны балаларға арналған бетперделер шығарады. Сонымен қатар бетперделерді кәдеге жарату жобасын дайындап жатыр. Өндіріс көлемін ұлғайту үшін FFP2/FFPP3/KN95 респираторларының қосымша желілерін жеткізуге келісімшарттар жасалды.


Өзгелердің жаңалығы