Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы АйТек компаниясы негізін қалаушылардың бірі Досжан Ережепов Kazakhstan Security System аясында өткен халықаралық көрмеде айтты.
Біз видео арқылы бет-әлпетті танып, базада іздейтін жүйені таныстырып отырмыз. Бүгінгі таңда ол басқа ақпараттық жүйелермен интеграцияланған. Оның ішінде Ashyq базасы да бар. Камераға түскен адамның статусын анықтай аламыз. Соған қатысты белгілі бір ғимаратқа кіруі немесе кірмеуін іске асыруға болады, - деді ол.
Ол атап өткендей, жеке компаниялар қызығушылық танытып, жүйемен танысып жатыр.
Көрмеде жүйемен таныстыру жұмыстары жүзеге асырылуда. Жүйе адамның бет-әлпетін 1 секундқа жетпейтін уақыт аралығында танып бере алады. Сондай-ақ интеграцияланған базаларда жылдам іздейді. Ол маска таққан адамның да бет-әлпетін анықтап беруге қауқарлы. Бұл қауіпсіздік мақсатында жүзеге асырылып жатыр. Белгілі бір мекемелер тек өз қызметкерлерін ғана кіргізу мақсатын қойса, осы жүйені пайдалана алады. Жүйе түр арқылы тұлғаны 7 метр қашықтықтан анықтайды, - деді ол.