Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада масалар, мүк және басқа да жәндіктерге қарсы кең ауқымды дезинсекция жұмыстары екі ауысымда жүргізіліп жатыр.
Мамандар бірнеше бағытты қамтыды. Олар су қоймалары мен жертөлелерді өңдеп жатыр. Жұмысқа 150-ден астам адам қатысып, ондаған техника жұмылдырылды.Маса көп шығатын жерлерді дезинсекциялауға аса көңіл бөлініп жатыр. Бұл масалар мен мүк санын азайтуға мүмкіндік береді. Дезинсекция жұмыстары көшелер мен адам көп жиналатын орындарда да басталды. Бірінші кезең аяқталғаннан кейін дезинсекциялық жұмыстар қаланың орамішілік аумақтарында, саябақтарда, тынымбақтарда, көшелерде жүргізіледі, - деп атап өтті мамандар.
Масалармен күрес тиімді болуы үшін тұрғын үйлердің жертөлелерін, мектеп пен балабақша аумақтарын, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын, базарларды, сауда үйлерін және т.б. зарарсыздандыру маңызды. Биыл масалардан аумақты өңдеу жоспары 20%-ке, су қоймаларын өңдеу 25%-ке артты.