Елордада «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасы таныстырылды

29 Наурыз 2022, 15:44
4371
Бөлісу:
Елордада «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасы таныстырылды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің отырысында белгілі болды.

Іс-шара аясында «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасының тұжырымдамасы, оны іске асыру жөніндегі жол картасы таныстырылды.

Республикалық аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанай жобамен таныстырды.

2021 жылдың 21 қазанында ҚХА-ның кеңейтілген мәжілісінде Мемлекет басшысының берген тапсырмасына орай, Аналар кеңесі тарапынан «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобаның шаралары талқыланған болатын.  Біз сол кезден бастап 9 өңірде кездесулер өткіздік, - деді Шанай.

Ол ҚХА хатшылығының басшылығы ол шараларды мақұлдағанын айтты.

Оның аясында Тұжырымдама әзірленді. Оның мақсаты- қоғамда әйел мен баланың мәртебесін арттыру. Отбасылық институт құндылықтарын арттыру болып есептедеді. Жастар мен болашақ халықтың рухани және патриоттық тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі айқындалады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы