Елордада әл-Фараби мен Абай мерейтойының тұжырымдамасы бекітілді

21 Қаңтар 2020, 06:27
2130
Бөлісу:
Елордада әл-Фараби мен Абай мерейтойының тұжырымдамасы бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада әл-Фарабидің 1150 жылдық және Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өту бойынша арнайы жоспар құрылып, тұжырымдама бекітілді, деп жазды Елорда Инфо

Биыл елімізде бірнеше айтулы мерейтойлар мен даталарды атап өткелі отырмыз. Атап айтқанда, Абай Құнанбайұлының - 175 жылдығы, Әбу-Насыр әл Фарабидің - 1150, Алтын Орданың - 175 жылдығы. Осы орайда ел ордасы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін маңызды іс-шараларды талқылау үшін жиналып отырмыз. Одан бөлек, биыл ІІ дүниежүзілік соғыстың - 75 жылдығы, Конституциямызға - 25 жыл және Қазақстан халқы Ассамблеясына - 25 жыл. Және еліміз үшін маңызды шаралардың елордадан бастау алатынын білесіздер. Сондықтан да біз әрбір іске жауапкершілікпен қарауымыз керек. Әл-Фараби мен ұлы Абайдың мерейтойы қағаз жүзіндегі шаралармен өтпеуі тиіс, - деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.  
Аталған шараға Абай және әл-Фараби әлемін зерттеп жүрген зиялы қауым өкілдері қатысты.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Әбу-Насыр әл Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өту бойынша тиісті жоспар бекітілді. Арнайы тапсырма бар. Оның ішінде қалалық деңгейде өтетін іс-шаралардың тұжырымдамасы жасалып, бекітілді. Бас қалада мерейтойға орай нақты істер қолға алынуда, соның бірі - «Абай әлемі» орталығы, елордада бас ақынға арналған орталық болуы тиіс. Орталықтан қала тұрғындары мен қонақтары экспонатты ғана тамашалап қоймай, рухани азық алатындай болуы қажет. Абай - жан-жақты тұлға, сондықтан ол орталықта біз ақын-жазушылармен қатар суретші, тарихшы, музыканттарды да тартуымыз керек. Себебі Абай әлемі кең. Осы орайда біз кітап шығардық, қазір оны толықтырып жатырмыз. Ол үлкен жоба болайын деп тұр, алдағы уақытта арнайы мәжіліс өткізіп таныстыратын боламыз, - деді ол.

Жиын соңында Б.Мәкен елордада өтетін шараларды басқармалар мен жауапты ұйымдар деңгейінде қайта пысықтау керектігін тапсырды.


Өзгелердің жаңалығы