Астанада көші-қон қызметінің қызметкерлері жергілікті рейдтік іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Пәтерлер, хостелдер, жатақханалар, құрылыс нысандары, өндірістік аймақтар мен базарлар тексерілді.
Бір күн ішінде елордада елімізде болу тәртібін бұзған 119 шетелдік ұсталды.
Шетелдіктердің интимдік қызмет көрсетуі бойынша 5 факті анықталды.
Қоқыс өңдеу зауытының аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 37 азаматы табылды.
ІІМ көші-қон қызметі комитеті көші-қон заңнамасын сақтауға шақырады. Сондай-ақ уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз жұмыс берушінің шетелдікті бірнеше рет жұмысқа қабылдағаны және жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді.