Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада КВИ бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады. Коронавируспен ауырғандардың саны бірнеше есе өсті.
Инфекциялық төсектердің жүктемесі 70% - дан асады. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді.
Құрметті қала тұрғындары! Бүгінгі таңда КВИ инфекциялық стационарларында бізде 425 пациент емделуде. Төсек жүктемесі 70% - дан асады. Жансақтау бөлімінде жатқан науқастар саны да артуда. Реанимациялық төсектердің жүктемесі 32,5%. ӨЖЖ аппаратына қосылған 6 пациент өмір үшін күресуде, - деді Тимур Мұратов.
Нұр-Сұлтанда КВИ-мен күресу үшін ковидтік орталықтарға 7 қалалық стационар жұмылдырылды.
Бұл жағдай эпидемиологиялық жағдайдың жақсы емес екенін, егер сіз санитарлық нормаларды ескермесеңіз, коронавируспен ауырудың үлкен қаупі бар екенін көрсетеді. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және ТЖ режиміне байланысты біз, дәрігерлер ретінде, сіздерден адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тартуды, бір-біріңізге қонаққа бармауды сұраймыз. Мұның бәрі эпидемиологиялық жағдайға оң әсер етуі мүмкін. Қазір бүкіл халықтың әл-ауқаты мен денсаулығы туралы ойлау маңызды!,- деп қорытындылады қаланың бас дәрігері.